Интернет с?хбат.

Блогымны? келесі «Арнайы ?она?ы», ?аза? тілді блогсфераны? к?пке танымал блоггері, ?рі блогсфераны? дамуына ат салысып ж?рген жас журналист Асхат Еркімбай.

Асхат neweurasia.net Орталы? Азия блогтар ж?йесіні? ?аза? б?ліміндегі ?аза?ша н?с?асын ж?ргізеді ж?не http://urimtal.wordpress.com блогыны? авторы. ?зін біра? уа?ыт интернет ар?ылы танып-білетін бол?ан со?, ?зіне деген бірнеше с?ра?ымды с?рап, с?хбаттас?ым келді. Сонымен та?ырып?а ?рі танысты?ымыз?а сай, электронды? хат ар?ылы ж?ргізген с?хбатымызды назары?ыз?а ?сынып отырмын.

С?ра?:

Сені интернетте таныдым, сонды?тан сені? жазбалары?нан ал?ан ?серім бойынша сен ?шін ал?аш?ы ?штіктегі ??ндылы?тарды тізбекшімін. Бірінші: ?аза?шылы?, Екінші- Дін Ислам, ?шінші; Интернет. Д?рыс аны?та?анмын ба? Сені? ойы?ша ?алай?

Жауап:

С?ра?ы?ызды о?ып отырып, со??ы кездері мен ?шін осы та?ырыптар ?ызы?ушылы? тудырып жат?анын аны? т?сіндім. ?о?ам толысып ?скен сайын, ??ндылы?тарды? ?згеретіні белгілі. Б?лкім, уа?ыт ?те келе б?л ??ндылы?тар ?згерер немесе б?ны? бірі ма?ыздыра? орын алар. Алайда, ?лдебір ??ндылы??а м?н бергенім ?шін блог ж?ргіземін деп айта алмаймын. М?сылман бол?ан со?, ?аза? ?о?амында, интернеттегі м?сылманны? келбеті ?андай деген сауалдар?а жауап іздеймін. М?сылман бола т?ра ?зім не тындыр?анымды білгім келеді. М?мкін ?лгі ??ндылы?тар (??ндылы? дегеннен г?рі та?ырыптар дер едім) осы жайттар ж?нінде к?п жаз?ан со?, ал?а шы?ып т?р?ан шы?ар. Себебі кейде ?зімді тол?андыр?ан жайттарды блог?а жазбайтын кезім бар.

С?ра?:

“?аза? тілінде блог ж?ргіздуі? ?ыр-сыры” та?ырыбында жа?ында ?ара?анды ?аласында семинар ?ткізді?, оны? алдында Алматыда да ?аза? блогшыларыны? басын ?ос?аны?ды білемін..Б?л істерде ерікті (волонтер) ретінде істеп ж?рсі? бе, ?лде бір мекеме ?аржыландырады ма?

Жауап:

Е? ?уелі т?сіністік таныт?аны?а ал?ысымды білдіргім келеді.
Д?л ?азіргі уа?ытта”neweurasia.net” Орталы? Азия блогтар ж?йесіні? ?аза? б?ліміндегі ?аза?ша н?с?асын ?йлестіріп ж?ргенімді жа?сы білесі?. Б?л - Орталы? Азия елдеріне ?атысты жал?ыз ?аза? тілді блог. Блогты? д?ниеге келуіне Берлинде о?итын Бэн есімді жігіт пен Пргада о?ып ж?рген Л?йл? есімді ?арындасы? т?рткі бол?ан еді. Олар Орталы? Азияда?ы ?згерістерді зерттеумен айналысатын ?о?амды? ?орлардан гранттар ал?ан болатын. Сол гранттарды? есебінен “neweurasia.net” ?мір с?ріп келеді. Мен де осы топта ж?мыс істегендіктен жаз айында Прага ?аласында арнайы семинар?а ?атысып, жа?а медия технлогияны? даму ?ар?ыны туралы біраз м?ліметке ?аны?тым. Содан бізді? елдегі ?аза? журналистикасында?ы ты? д?ниені жастар?а жеткізуге асы?тым. Еуропада ал?ан біліміммен б?ліссем деген ниетімді “neweurasia.net” ??п алып, ?аза? тілінде семинар ?туізуге ?аржы б?лді. Шынымды айтсам, мен ?шін сапарларымды ?андай мекеме немесе ?йым ?аржыландырып жат?аны ма?ызды емес. Ма?ыздысы осы уа?ыт?а дейін айтылмай келе жат?ан д?ниені ?аза? тілінде жеткізуге м?мкіндік ал?анымда. Себебі жа?а медия технологияны ?аза? тілінде дамыту ар?ылы біз ?аза? ?о?амында?ы кейбір м?селелерді? д?рыс шешілуіне септесеміз деген ойдамын. Д?рысын Алла? біледі. Еліміздегі орыс тілді ?йымдар шетелден ?аржы алып, “СПИД-тен ?ор?ану” мен гендерге ?атысты идеяларын насихаттап жат?анда неліктен сол а?шаны ?аза? ?о?амыны? м?ддесі мен игілігі ?шін ж?мсамас?а? Екіншіден, шетелдік ?йымдармен ?ріптестік ?атынаста болу ар?ылы жа?аша ж?мыс істеу т?сілін де ?йреніп, біліктілігімді шы?дау ?стіндемін.

С?ра?:

Екінші с?ра??а берген жауабы?нан туында?ан бір с?ра?ты с?рамастан ?те алмаспын. Жо?ар?ы білімді ?ай мекемеде алды? ж?не бас?а ?аза? тілді БА?-тармен ж?мыс істейсі? бе? Бас?а жас ?аза? журналисттерімен араласып т?расы? ба? Б?л с?ра?тарды с?рау себебім, ?р бір БА? -да ж?мыс істейтін журналисттер, сол мекемені? ?станымына ?арай ма?ала дайындайды. Жарияланбастан б?рын редакторыны? ма??лын алуы да шарт. Б?ны? б?рі журналисттерді? тек тапсырманы орындаушы ретінде ?алыптасуына ?кеп со?атыны та?ы бар. Сонда олар да жаз?ысы келген, біра? жазу?а м?мкіндігі болма?ан ?о?амда?ы кейбір м?селелер туралы ?з ойларын, интернет ар?ылы, блог ар?ылы ж?зеге асырса болмас па? Б?л туралы ойы? ?андай, б?л ба?ытта ж?зеге асатын іс шаралар жоспары?да бар ма?

Жауап:

Абай атында?ы ?аза? ?лтты? педагогика университетіні? т?легімін. Еліміздегі бірнеше ?аза? тілді БА?-тар?а ма?ала жазып т?рамын, журналистермен к?біне ?ріптестік ?арым-?атынаста ?ана араласамын. Жас ?аза? журналистерінен де к?пшілігін жа?ыннан танымаймын. Себебі біздегі журналистиканы? ?зегін ?л-Ф?р?би универсиетітіні? журналистика факультетіні? т?лектері ??райды. Журналист ?зі ?ызмет ететін мекемені? ?станымына ?арай ?ызмет етеді. Тек еркін журналистер ?ана ?з ойын еркін білдіре алады. Бізді? елімізде т?уілсіз, еркін ?аза? журналистер ?те аз. ?рине, блогты “азаматты? журналистика” деп атауды? бір себебі осы. Журналистер газетке немесе эфирге шы?пай ?ал?ан деректерін сол блогта жариялайды. Журналистерді? дені ?зірге ж?мыс берушіні? талабы мен ?станымына сай д?режеде ?ызмет етеді. Нары?ты? ережесі солай. Мені? ойымша, журналистер ?згеге м??таж болмайтындай д?режеге жеткен кезде, ?з істеріне адал кірісіп, я?ни халы?ты? к?зі, ??м ??ла?ы болады. ?зір соны? ал?ышарттары жасалуда. ?аза? тіліндегі блог соны? бірі. ?аза? тілді интернет журналистика мені? ойымша Веб 2.0-мен ( Блогпен – Автордан) танылатын шы?ар. ?азіргі мені? ж?мысым ?те кішкентай. ?олдан келгенше интернетті ?аза? ?о?амыны? игілігі ?шін ж?мыс істеткісі келетін жастар?а ?аза? тілінде блог бастауды к?рсету. ?аза? тілін ?йде компьютерді? алдында 5 мин. уа?ытын ?ткізіп те дамыту?а болатынын сендіру.

С?ра?:

Та?ы бір с?ра? ретінде, ?аза? тілі туралы пікірлескім келеді. Б?гін ?аза? тілінде о?уды бітіріп, ?й ішіндегілермен, достарымен ?аза?ша с?йлеп ?скен азаматты?, мемлекеттік немесе жеке секторда болсын, мысал?а бір ?аржы саласында, ?ызмет орындарында ж?мыс істеуі ?иындау. Себебі іс ??жаттары орыс тілінде дайындалады, іс орыс тілінде ж?ргізіледі. ?рине Ата за?ымыз бойынша орыс тілін білмегенім ?шін ж?мыс?а алмасты? істеуге ешкімні? ха?ы жо?. Ж?не осы елді? те? х??ылы азаматы ретінде ?аза? тілінде барлы? а?паратты талап етуге ж?не ?аза? тілінде беруге болады.Біра? б??ан ?о?ам дайын емес сия?ты.

Та?ы бір н?рсе, бізде “?аза? тілі ?те бай тіл” деп к?кірек керушілік к?п. Б?л мені? ойымша ?зімізді ?зімізге ма?таудан бас?а еште?е емес сия?ты. Й?, рас, ?аза? тілі ?те бай тіл. Б??ан ешкім ш?б? келтірмес, біра? б?л тілді білген ешкімге. Оны с?збен айта бергенше, іс ж?зінде неге к?рсетпеске. Мысал?а блогсферада к?терілген бір м?селе болатын, оны ?зі?де білесі?, ?лем ?дебиетін ?аза? тіліне аудару. Келер ?рпа??а тастайтын е? ?лкен м?ра, оларды? ?амын ойлап істелінген е? ?лкен іс, осы болар еді. Неге мысал?а осы ба?ытта ж?мылып ?ызмет істемеске, жо?арыда?ылар?а жеткізбеске, хат жазып, газеттерге ма?ала жазып. ?аза? тілі ауылды? де?гейде ?алмау керек. Мен ?анат Жукешевті? ойына ?осыламын. Кей кезде ?з ?зімізді сын?а салуды да біліуіміз керек.

Осы т??іректе сені?, ойы?ды білгім келеді, сен мысалы еліміздегі бір Банкті? сайтында ?аза?ша н?с?асы жо? деп м?селе к?теріп ж?рсі?, мен са?ан бір а?парат берейін, осыдан жеті жыл б?рын ?лтты? Банкті? ?аза?ша н?с?асы жо? болатын. Біз сол кезде сен сия?ты сайтты? админіне хат жаз?анбыз, бізге “?аза?ша н?с?асы кімге керек” деген жауап келген. Ал ?азір ?лтты? Банкті былай ?ой?анда, барлы? мемлекеттік мекемелерді? ресми сайттарыны? негізгі беті, ?аза? н?с?асында ашылады.

К?ш ж?ре т?зеледі дейік, біра? интернетті? ?аза?шалануы т?к емес сия?ты, ?лем ?дебиетін ?аза?шалау керек, тек ?ана оны емес, со??ы кездерде ?лемде шы?ып жат?ан жа?а туындыларды аударып отыру керек, ол мектептерге, кітапханалар?а таратылуы керек. ?аза? тілінде білім алатын баланы? ой ?рісі ке?еюі керек, ол ?шін кітап о?у басты шарт емес пе?

Жауап:

?аза? тілі бізді? ?о?амда?ы белгілі бір салада ке? ?олданыс?а ие еместігімен келісемін. ?сіресе, журналист болып ма?ала жаз?анда б?л ?атты сезіледі. ?аза? тілін білу шенеуніктер мен мемлекеттік мекемелерде мінддеттелген со?, (я?ни іс ?а?аздарын мемелкеттік тілге к?шіруді айтамын) ?аза? тілі мен мемлекеттік тіл деген екі б?лек ??ым пайда бола бастады. Со??ысы к?біне орыс тілінен ж?нді-ж?нсіз аударылып жат?ан с?з тіркестері мен терминдерден т?рады. М?селен, бегілі бір мемлекеттік ?йым?а барып, ?оспасыз ?аза? тілмен с?йлесе?: “Оралмансы? ба?” деп жауап ?атады. ?о?ам ?лі де болса, ?аза? тіліні? д?режесі т?рмысты?тан, мемлекеттілікке к?шкенін ?абылдай алмай жатыр. Халы?ты? ?аза? тілін ?лтты ?йыстаратын тіл ретінде мойындауына бірнеше жыл керек т?різді. Себебі бізді? тіл ?алымдарымыз ?аза? тілі деген бос дауры?па?а ж?не аударма?а ?атты м?н беріп, тілді дамытуды? ?ылыми негізін жаса?ан жо?. Орыс пен а?ылшын, ?ытай мен араб тілдері тарапынан т?ніп келе жат?ан экспансия?а ?арсы д?рі ойлап табыл?ан жо?. Бізде с?зжасам саласы дамыма?ан. Керісінше, жа?а с?зді ??ым?а жа?ын етіп аудару ?ар?ын алды. Сіз айтып отыр?ан, ?аза? тіліні? байлы?ы б?гінгі заман?а лайы? д?ниені т?сіндіретін с?здерді жасап шы?аруынан к?рінер еді. (Мысалы, т?ріктерді? компьютерді bilgisayar деп атауы) Я?ни ?аза? тілі ?азір с?з ?ндіріп жат?ан жо?, ?згенікін т?тынып отыр. ?зімізді? экономикамыз т?різді :)
Б?л м?селені о?тайлы шешуде ма?ан ?азіргі Тіл комитеті бастамашы болып, ?ол?а алып отыр?ан мемлекеттік тілді? базалы? ?лтты? корпусын ??ру жобасы ?найды. Жа?а медия технология дамы?ан сайын тілді де сонымен бірге ілестіріп алып ж?руді? ?лемде сына?тан ?ткен озы? жобаларды? бірі. Сіз айтып ?ткен ?дебиет ?лгілерін аудару да осы?ан кіреді. Мысалы, тілдерін дамытып жат?ан елдерді? азаматтарыны? электронды пошталарына к?нделікті жа?а бір с?з т?сіп т?рады. К?ні ерте? ?алта телефонымыз?а да сондай мазм?нда?ы ??ла?тандырулар келіп т?рса, жа?сы емес пе?
?лем ?дбиетін ?аза?шалау дегенмен келісемін. ?рине б?гінгі к?ні біздерді? бір-екі тілмен шектеліп, ?зімізді? ?лтты? м?селелерімізді? аясында ?ана т?л?алануымыз азды? етеді. Б?ны шетелге бір-екі рет шы?ып келген кез-келген жас біледі. М?селе, сол ?дебиетті кім о?иды? ?йткені ?азір мені? ??рдастарым кітап о?ымайды емес, о?иды. Нары? заманы кез келген адам?а кітап о?ыт?ызады. Біра? олар ?здеріне керек кітаптарды: экономика, а?паратты? технология, психлогия т.с.с. ?ана о?иды. ?лем ?дебиеті ?аза? тіліне аударыл?аннан б?ріні? бірдей к?ркем ?дебиетке ??лшынысы артып кетпес. ?дебиетке ??мар жастар ?ана пайдалана алма?. Мысырлы?тар араб тілін дамытуда бірінші кезекте ?о?амды? ?ылымнан хабар беретін е?бектерді аударып, ж?рт?а тегін ?лестірді. Осылайша тілді ?ылым?а енгізді. Б?лкім бізге де осылай ету керек шы?ар. Біздерді? ?азір жабылып, wordpress блог т??ырнамасын ?аза?шалап жат?анымыз да осы?ан мысал. Бізден кейінгілер, блог аш?анда “sign in” деген с?здерді емес “тіркел” деген ?аза?ша с?здерді к?ріп технологияны ме?гере бастайды.

С?ра?:

С?здері? орынды, б?гінгі та?да, жа?а заман журналистеріне, бір шет тілді жа?сы ме?геріп шы?уды міндеттеуге болмас па екен? Мысал?а а?ылшын тілін, б?л оларды? ?аза? тілінде а?парат жеткізудегі ау?ымдылы?ын арттырмас па екен? Кітапты кім о?иды дегенде, о?итын кітап болса, о?итын адам да табылар, оны? ?стіне б?ндай істерде б?гінді ойламау керек шы?ар, ерте?гі к?нді ойлау керек..

Себебі біздер кетеміз, ал келер ?рпа?, пинонер мен комсомолды? не екендігін білмейтін болады, олар мемлекеттік тілді - ?аза? тілі деп білетін болады, сол кезге дайындалу керек емес пе деген ой келеді..Б?гін ?анша жерден жар сал?анмен, орыс тілі ?з ?стемдігінен айырылмайды, себебі бар а?парат орыс тілінде келеді бізге.

Ж?, б?л бір ?зекті м?селе, сонды?тан бір с?хбатпен к?п н?рсе айта алмаспыз.

Дегенмен, мен сенімен жазыс?ан с?хбатымды осы бір де?гейде бітірсем деймін..Б?л м?селелерге ?айта оралармыз бір к?ні. Уа?ыт тауып мені? с?ра?тарыма жауап бергені? ?шін ал?ысымды білдіремін.

Е?бегі?ні? жемісін к?р..Ісі?де с?ттілік тілеймін.

Жауап:

?андайда бір міндеттеуге ?арсымын. К?сібилікке ?мтыл?ан ?рбір адам ?зіне ?ажеттілігін т?сінсе, ?з ы?тиярымен о?ып-то?ы?ан?а не жетсін. Тек к?сіби шы?далып, сол ал?ан білім мен біліктілігін ?о?ам игілігіне ж?мсай алатындай жа?дай жасалса, д?рыс болар еді. Сіз де, біз де осы істі? барлы?ын ешкімні? міндеттеуінсіз ат?арып отырмыз емес пе :)
Уа?ыт б?ліп, с?ра? жолда?аны?ыз?а к?п рахмет. Б?л алда?ы а?алы-інілі бауырмалды?ымыз?а бастайтын с?хбатты? басы деп т?сінемін. Алла? баста?ан ?рбір ісі?ізді же?іл ?ылып, береке бергей!

Пікірлер саны: 5

  1. [...] болып кеттім. Б?гінгі Бекжанны? менімен жаз?ан с?хбатыны? да ?сері бар ?ой деймін. ?зімді тым ?атты жарнамалап [...]

  2. Arsenal777 06 2008

    б?ны с?хбат(интервью)емес, негізі, пікірлесу деп айт?ан д?рыс сия?ты, ?йткені б?нда с?ра?-жауап ?ана емес, пікір алмасу да бар. Тамаша пікірлесу ?шін к?п рахмет. :)

  3. Бекжан Толыбай 08 2008

    Й?, рас айтасы?, басында с?хбат сия?ты басталып еді, арты пікірлесуге к?шті ?ой..:))

  4. technosyndrom 10 2008

    Блоггерлерді біреулер ?уес?ой журналисттер деп ж?р-ау осы. Мына с?хбат?а ?арап, ?уес?ойлы? деп айта алмас едім. К?нігі “к?сібиді?” жазбасынан айырмашылы? к?ріп т?р?аным жо?. Рахмет, Бекжан бауырым, бір ра?аттанып о?итын с?хбат екен.

  5. berik 16 2008

    Бекжан,
    Нан табары? болса, есеп-?исапты ?ойып жазу?а д?рыстап кіріскені? ж?н ау осы. Сені? с?хбаттары?ды “Жас Алаш” сия?ты газеттен о?ып отырса? ?андай тамаша!

Пікіріңіз