“Бетпе Бет” бағдарламасына шолу.
Өткен сейсенбі күні ме еді, Хабар телеарнасындағы Берік Уәли жүргізетін “Бетпе Бет” бағдарламасына Алматыдан қонақ ретінде қатыстым. Тақырып: интернетті реттеу туралы заң жобасы. Одан бері бірнеше күн өтседе, осы тақырыпқа оралу бүгін ғана мүмкін болып отыр.
Берік Уәли екі сұрақ сұрады. Біріншісі менің осы заң жобасына деген ойым, екіншісі интернеттегі қазақ тілі мәселесі бойынша.
Бірінші сұраққа жауабым еш өзгермеді, ең басынан бері келе жатқан ой, ол, интернетті реттеу қажеттілігі. Бүгін интернеттің қолжетімділігі артып келеді, интернет нағыз ақпарат көзі ретінді бекіп келеді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ болсын, АҚШ болсын осы мәселеге көңіл бөліп, осы бағытта бір қатар іс шаралар атқарып жатыр.
Біздің де осы жағдайды ескермеуіміз ертең үлкен мәселеге апаруы әбден мүмкін. Бірақ, өкініштісі демократияның негізі болып табылатын диалогқа еш көңіл бөлінбеді. Мәжіліс депутаттары бір жақты шешім қабылдап жатқандай, әрине депутаттардың барлығының кінәсі жоқ, олар алдыларына келіп түскен заң жобасын талқылап, мақұлдайды немесе кері қайтарады. Бар кінә осы заң жобасын дайындаған комитеттің мойнында. Диалог, қоғамдық резонанс тудыратын бір мәселені, сол қоғамды құрайтын және сол мәселеде мүдделі топтардың пікіріне құлақ салуды талап етеді. Бізде бұл заңға журналисттер қарсы, интернет қолданушылары қарсы, ОБСЕ төрағалығын жақтаушылары қарсы, қарсы шығушылар көп. Бірақ бұл қарсы шығушылықтың барлығы орынды ма екен? Әрине жоқ, көбінесе мәселенің егжей тегжейін білмегендіктен қарсы шығады. Заң жобасын дайындаған комитет мүшелері де, күледі, мыналар не деген қызық адамдар деп. Әлгі ашаршылық кезінде патша сарайына келіп нан сұраған халыққа қарап, “нан жоқ болса, торт жемей ме?!” деген ханшаның кебін киіп отырмыз. Неге? Себебі бұл заң не үшін керекті, енгізілген кезде не өзгереді, қандай нәтижеге қол жеткіземіз, ол жағын қалың қауымғы түсінідіріп жатқан ешкім жоқ. Қалың қауымның пікіріне құлақ салып жатқан ешкім жоқ.
Мысалы менің түсінігімше заң жобасында қарастырылған маңызды жайт, интернет ресурстарын (жаңа заң жобасы бойынша чат, форум, веб сайт, блогтың барлығы дерлік интернет ресурсы деп танылуда) БАҚ пен теңестіруі. Бұл әрбір блог иесінің өз блогын барып БАҚ ретінде тіркеуден өткізуі керек дегендік емес. Бұл егер әлдақайда бір блог бетінде заңға қайшы келерлік ақпарат, немесе заң бұзушылық акті тіркелер болса, онда ол блог және блог иесі БАҚ өкілдеріне қарасытырылған заңға сай жазаға тартылуы керек. Әрине интернеттегі заң бұзушылықты тоқтатын және керек кезде жазаға тартатын механизмнің биліктің қолында болғаны дұрыс, керек те.
Бұл тұста сөз бостандығын жақтаушылар дауыс көтеріп жатады. Сөз бостандығы “интернетте мені бәрібір ешкім білмейді” деп ойына келгенін жазып кету емес. Ал елімізде өз пікірін ашық айтамын дегендердің ауызын жауып жатқан ешкім жоқ, ондай ауыз жаптыртатын заң да жоқ. Біздегі журналистер көбіне өсек әңгімеге үйір келеді. Ал журналисттік этика, өз жазғаныңды дәлелдей алуды талап етеді. Журналистік этика тек шындықты және қандайда болмасын бір мәселені тек тарапты емес, жан жақты алып, басқа да көзқарастарға ашық болуды талап етеді. Сондықтан бұл заң сөз бостандығына қауіп төндіріп тұр дегенге мен келіспеймін.
Әрбір интернет ресурсының авторлары жауапкершілікті сезініп, заң бұзушылықты өздері қадағалап отырса, бұндай заңға қажеттілік туындамас еді, бірақ адамның аласы ішінде, әрбірінің шынайы ниетін талдап жатуға ешкімнің пейілі жоқ. Мысалға “Центр тяжести” форумы бүгін ресми билік өкілдері, қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың төрағаларының онлайн конференция өткізетін мекеніне айналып отыр. Бұның себебі, “Центр тяжести” форумында модераторлар, барлық қолданушылардың қалдырған жазуларын тексеріп отырады, заңға қайшы келгендерін, форумның ережесіне сәйкес келмейтін барлық жазуды өшіріп, жазудың авторын ескертіп отырады. Бірақ барлық форум, барлық сайтта бұндай азаматтық жауапкершілікті көре алмайсың.
Екінші сұраққа келер болсақ, осы қазақ интернетінің дамуы үрдісінің ішінді жүргенімізге он жылды төңіректеп қалдық. Өз басым ешқандай мемлекеттік қолдауды, немесе қазақ тіліне қатысты бір мемлекеттік политиканы көрмедім. Осы тұста үкімет басының аты шулы блогын ашқан кездегі қазақ тілінің қорлағандығын айта кеттім. Бұл интернет бетінде қазақ тіліне деген немқұрайлылықтың айқын белгісі деп көрсеттім.
Қазақ тілі бізде әлі көзбояушылықтан құтыла алмай келеді. Көз бояушылық елімізде ұлттық спорт түріне айналды. Әлемдік мемлекеттер арасында көз бояушылықтан рейтинг жасайтын болсақ, Қазақстан бірінші орында тұрар еді, елулікті былай қойғанда..:))
Обшым осылай, бар ойымызды айттық..Соны енді сіздермен бөліскім келді. Осыған орай пікірлеріңізді күтемін.
Bas uäzirdin blogy jaily jaksy aitypsyz.
Менің ойымша сұрақтарға жауап жан-жақты қамтылған. Қашан көре аламыз екен эфирді?
Болып кетті, өзім де қарай алмадым..:)) тікелей эфирдің бір жаман жері сол екен..:)))
Бәке, меніңше конструктивті диалог болған сияқты. Несі бар, сіздің де позицияңыздың өміршеңдікке құқы жоқ емес, бар…
Жоқ Нұреке, мен сізге қосылмаймын, диалог болмады, болған болса, бұншалықты наразылық пен түсініспеушілік туындамас еді…
Бәке, сіздің маған қосылғаныңыздан гөрі қосылмағаныңызды құп әрі табиғи деп санап отырмын.
Енді локалдық желілер туралы заң қабылданса, хых хых хых…
Қап,эфирге келетініңізді алдын ала блогыңызда айтқанда…бағдарламаны жібермей көретін едік.
[...] “Mylzhyn professor” shares his point. He says that there is a lack of information around the draft law [kaz]: “If owners of web-sites were responsible for the online content and excercised self-regulation themselves, we wouldn’t need this amendment. But every user has different intentions”. [...]
Bekjan aga, magan sizdin e-mailin kerek edi. Arshat bergen e-mail boiynsha jazsam, jauap kelmei jatyr. Magan sizden bir paroldy bilip alu kerek edi.
Keshirersiz, baska jazar jer jok eken.
[...] “Mylzhyn professor” shares his point. He says that there is a lack of information around the draft law [kaz]: “If owners of web-sites were responsible for the online content and excercised self-regulation themselves, we wouldn’t need this amendment. But every user has different intentions”. [...]