Интернет альтернатива-2008
Кеше Алматы қаласында бірінші халықаралық “Интернет альтернатива” интернет конференциясы өтті..Астанадан азанда ғана келіп отырған едім, м-агентте Лоланы (Бакыт) кездестіріп қалдым..Лола сондай конференция өтейін деп жатыр деген соң, интернеттен іздестіріп шықтым. Ұйымдастырушылары “Центр тяжести” интернет порталы, “Эксперт-Казахстан” газеті, «New Line Media» және «Tengri Saatchi&Saatchi» жарнама агенттіктері екен. Ұйымдастыру комитетіне телефон соғып, қатысудың жолын қарастырып едім, жұмыс істейтін компанияныңыздың атынан сұраныс жіберіңіз деді. Сонымен “Кәусар Консалтинг” компаниясының атынан бірінші рет бір конференцияға жолдаманы қалтаға салдым. Ертесі күні конференцияның бағдарламасын алғаннан кейін, баста “қалай өтеді екен, не болады екен” деген сұрақтар өріліп жатты. Сонымен таңғы сағат 09.00. тіркелуден өтіп, конференцияға қатысып та кеттік.
Шынымды айтсам конференция маған қатты ұнады. Өте қажетті мәселелер көтеріліп, жақсы мамандарды шақырған екен. Ең бастысы, конференцияны ұйымдастырушылардың Алматыдағы барлық интернетте мүдделі топтарды қамтығаны болды. Әрі бірінші рет болғандықтан ба екен, әлде бұдан кейін де солай болады ма, ол жағы белгісіз, конференция, қатысушыларға тегін өтті.
Келген қонақтар жайына келсек. Яндекс компаниясының бас редакторы Елена Колмоновская, Вести телеканалының директор орынбасары Асқар Туғанбаев (бұл кісі туралы алдыда бөлек жазып кетемін), Rambler Media компаниясының өнім маркетингінің басқарушысы Михаил Чеканов, “Эксперт Онлайн“ онлайн басылымының редакторы Елена Рыцарева, “СУП” компаниясының социалдық БАҚ жөнінде сарапшысы Антон Носик, “Афиша Диджитал” компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Степанов, “Odnoklassniki.ru“ жобасының құрушысы әрі иелесі Альберт Попков, “ВымпелКом (Билайн брендінің иегері) компаниясының интернет-коммуникациялары жөнінде сарапшысы Константин Максимюк қатысты.
Конференцияда, аталмыш ұйымдастырушы компаниялардың басқарушылары модераторлық қызмет атқарып, конференцияның мазмұнын жақсы қамтып отырды. Айтылатын мәселе көп, бірақ уақыт тапшы болғандықтан ба екен, барлық секциялар параллель жүріп отырды. Сондықтан әркім өзіне жақын тақырыптардағы секцияларды таңдауға мәжбүр болды. Бірақ сонда да алғашқысы өткізілген конференция, бірінші рет ұйымдастырылып отырғанына қарамастан өте сәтті өтті.
Қамтыған тақырыптар және конференцияда осы жазудың авторының көзінен қашпаған тұстары бұдан кейінгі жазуларда қолға алынып отырады. Қызықтан құр қалмайын десеңіз келіп тұрыңыздар..:))
Құрметпен Мылжың..
Мылжың репортаждарыңды күтейік олай болса, “Кәусарлық”
Бекжан, конференцияға келгенің жақсы болды. Интернет және қазақ тілі деген тақырыпқа қызығушылық танытып, залда адам санын көбейтуге үлес қосқаныңа рахмет. Блогшылардың бір біріне бауыр екенін осындайда сезінеді екенсің! Аллаһ разы болсын сендерге!
Kutemiz!
PS: Konferencijadan materialdary (prezentacijalar, beinerolikter) i-net’ten koshiru mumkindik bola ma? Resmi saitta eshtene zhok ale…
[...] Бекжан. Отчет на казахском. [...]
http://ru.youtube.com/my_playlists?p=4B1386F5ECABD3E5 Интернет конференциадан видеосухбаттар
Askhat келмейін десем өзің ғой қорқытып қойған..:))
Маған шантаж жасады ғой, “келмесең блогқа жазамын” деп..содан келуге мәжбүр болдым…Ал шындап келгенде, осы қазақ тілі төңірегінде өтетін жиналыстарға жыным келеді..дайындық нашар, қалай болса солай дайындай салады..
Дидар Амантайдың “интернеттегі қазақ тілі” мәселесіне не қатысы бар екен осы?
Ал әлгі тіл.гов.кз мемлекеттік порталын ашып көрдім кеше..Білмеймін ол порталдың қай жеріне БІР МИЛЛИАРД теңге қаржы жұмсалғанын..
Обшым, ол тарулы айтатыным көп..ертең жазамын..:))
Нұргелді, сайттарына қосқан екен..Материалдардың бәрін сол жерден түсіріп алуға болады..
http://www.ia2008.kz/materials.html