Мыналардың бәріне не болған??
Елбасы берген сұхбатта ономастика мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.
Петропавл және Павлодар қалаларының тарихи атауларын қайтару туралы да ұсыныс ортаға тасталды.
Осындайда әшейінде елп ете қалатын мәслихаттар неге селт етпейді?
Басқа – басқа, ұсынысты Елбасының өзі жасап отыр ғой.
«Ымды білмеген дымды білмейді» деген осындайда айтылса керек.
Жергілікті мәслихат мәселені тікесінен қойып жатса, қой деп отырған біреу бар ма? Қашанғы біз қақ желкеден шұқығанша қыңқ етпейміз?..
Бастама көтерілді. «Арғы жағын өздерің біліп, әрекет жасаңдар» деген емеурінді қайтадан тасқа басып жатқанымыздың өзі артық емес пе, біле білгенге!?.
Екі өңірдегі облыстық және қалалық мәслихаттар дереу Елбасы ұсынысын құптап, Петропавл және Павлодар қалаларын тиісінше Қызылжар және Кереку деп атау туралы шешім қабылдаса, Елбасының туған күніне тамаша тарту болмас па еді!
Екі өңірдің естияр азаматтары Елбасының қуанғанын қаламай ма?
Елбасы қуанышы – елдің қуанышы емес пе?
Нұртөре ЖҮСІП
Ақпарат көзі Айқын газеті.
Нұртөре Бекжанның блогында жақсы ой айтыпты…
Жоға, “қайтадан өзің-ақымақ!” деген әңгіме бұл. Журналистке - жаңбырдан су болмай өтетіндей әңгімелері үшін ріспек: қулығына найза бойламайтын саясатшы бола ма деп ойлаймын Нұртөрені, Алла жар болсын оған!
Елбасы қуанышы – елдің қуанышы емес пе?
Логиктер мұндайды жалған предикаттар деп атайды. “Мысық пілдің ауырлығынан қаншалықты ұзын?” деген есеп сияқты. Риторлардың жиі пайдаланатын абыройсыз әдісі. Яғни “мен - жынды емеспін, Амантай қажы - мен емес, ендеше Амантай қажы - жынды” деген дәлел келтірсе, қабылдауға тиіс боласыз.
Сосын керісінше - елдің қуанышы Елбасының қуанышы болуы тиіс. Кері байланыс өркениетті мемлекетте міндетті емес…
Ауыздарына шайнап беруге үйренгендер ғой, жұта салуды да білмейді. Қайтсін олар (мәслихаттағылар) біреу айтпаса, өз беттерінше қимылдамайды (бәрі емес). Ұлттық мәселе десе төбе шаштары тік тұрады. Йо!!!
Шындығында қуыршақ театрындамыз
Біз куыршак жане бар бір басшымыз
Бір-бірлеп сахнаға біз шығамыз
Біткен бойда қайтадан сандықтамыз
(Омар Хайям)
http://blogs.mail.ru/community/o_h_sheshess/
Биыл Елбасына осы іспеттес сыйлықтар көп болатын түрі бар…
Nur-Tore durys aitady. Kozgalmai aty “analar”.
Kaita deputattar pysyk eken, olar buryn kozgaldy goi, Astananyn atyn ozgertude.
technosyndrom жақсы тиіп жазыпсың..:)) мәз болып оқып шықтым…
Өткенде бір досым орыс газетіне мақала дайындап жатыр еді тақырыбы: “Сплошной Нурдом” ..:))
[...] ұмытпағаны жақсы. Бекжан бұл жағынан сауатты ғой. “Мыналардың бәріне не болған?” атты мақалада Нұртөре Жүсіп “Екі өңірдегі облыстық [...]