Archive for » Желтоқсан, 2009 «

Жаңа жылға қатысты.

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында, жаңа жыл мейрамын тойлаймыз ба, тойламаймыз ба, мұсылмандарға бола ма, болмай ма, христиандардың мейрамы ма, емес пе, сынды неше түрлі пікірталас туындап жатады.

Бұл дау дамалды жыл сайын бастатын да біздің қазақ журналисттеріміз және бұл дау олардың қазақ газеттеріне жазған мақалаларынан арыға ұзап кетпейді. Бұл мәселеде біз жалғыз емеспіз..Себебі жаңа жылды, осы мейрам туралы пікірталаспен қарсы алатын тағы бір мемлекет бар – Туркия.

Түріктерде мұсылман халық болғаннан кейін, жаңа жыл біздегі сияқты тойланбасада, үлкен қалаларда тойланады. Өзім Туркияда біраз өмір сүргендіктен, сол елдің газеттерінің электрондық нұсқаларын оқып, ол елдегі жаңалықтарды біліп жүремін.

Міне биыл да газет беттеріне осы жаңа жылға байланысты пікірталас қайта басталды. Бірақ биыл жылдағыдан өзгеше бір жаңа, тың пікір айтылды. Өте қызық. Мен сол мақаланы сіздерге аударып берейін..Өздеріңіз ойлап көріңіздер.
хххххх

Туркияда шумеролог (яғни шумерлердің мәдениетін зерттеуші ғылым) деген мамандық бар..Осы мамандықтың мықты мамандарының бірі Муаззез Илмие Чыг былай дейді:

«Христиандардың Ғисаның (а.с) туған күні деп құттықтайтын Ноел, яғни жаңа жыл мейрамы, көне түріктердің «Жаңадан туу» мейрамы болып табылады. Түріктердің тек тәңір дініне кірместен бұрынғы сенімдері бойынша, жер ортасының тура ортасында бір шырша ағашы өседі екен. Бұл ағашты «өмір ағашы» деп атайды. Бұл ағашты ою ретінде түрік халықтарының кілемдерінде көруге болады. Түріктерде күннің маңыздылығы зор. Сол кездегі сенімдеріне байланысты, түн қысқарып күн ұзай бастайтын 22 желтоқсан күні (бұл күні жылдың ең ұзақ түні байқалады және осы күннен басталып түн қысқарып күн ұзай бастайды) түн күнмен айқасады екен. Ұзақ бір айқастан кейін күн түнді жеңіп жеңіске жетеді.
Сондықтан күннің жеңісін, жаңадан тууын, түріктер ағаштың астында тойлайтын болған. Мейрамның аты Нардоган (нар= күн, доган, туган=туған); Туған күн.
«Күнді қайтарып берді» деп Тәңірге дұға жасайды. Дұғалар тәңірге жетсін деп, ағаштың астына сыйлықтар қояды, бұтақтарына мата байлайды, жаңа жыл үшін тілек тілейді.

Бұл мейрам үшін үйлер тазаланады. Жақсы киімдерін киеді. Ағаштың айналасында ән айтып, ойындар ойнайды. Қариялар, аталар, апаларға қонаққа барылып, жанұялар жиналып тамақ жейді. Жеген тамақтары қақталған жемістер, тәтті тағамдар болған. Мейрамды достармен, жанұямен бірге жиналып тойласа өмірлері ұзайды және жолдары ашылады екен.
Бұл шырша ағашы тек қана Орталық Азияда өседі екен. Мысалға Филиппиндегілер бұл ағаштың бар екендігін де білмейді екен. Сондықтан да бұл мейрам түріктерден христиандарға өткен екен және бұны Гундардың Еуропаға барған кездерінде солардан көріп көшіріп алғандығы айтылып жүрген.

Сондықтан бұл мейрам Ғиса (с.а.) туған күнімен ешқандай қатысы жоқ.

хххх

Мына мақаланы оқып отырып «Аватар» киносына есіме түсіп кетті. Ол кинода да Нави тайпасы, өмір ағашының қасында жиналып тойлайды ғой мейрамдарын…Соған қарағанда Камерон киноның сценариясын Шумер мәдениетінен көшіріп алған ба деген ой туындайды.

ПыСы: Жаңа жылдарыңызбен.

Жаңа блог

Бұл блогтың ашылғанына біраз болған негізі..Аршаттың сол қолымен, бес он минутта істей салған блогы ғой..:))

Блогтың сыртқы пішіні емес, ішкі пішіні маңыздырақ қой..Қалай көрінгені емес, қалай жазылғаны, не жазылғаны дегендей..

Қазақ журналистикасының көпке танымал журналисті, Қазақстан телеарнасында елді дүрліктірген Аламан айтыстың продюсері, жүргізушісі Ертай Нүсіпжановтың блогын айтып отырмын. Бір әннің тарихы деп, көптеген әндердің шығу тарихын, сол әннің авторларынан жинап жүретін осы жігіттің еңбегін интернеттен бір жерден көру көкейде жүрген еді..

Одан бері біраз жаңалықтар болып, Ертай Нүсіпжанов, оқу мақсатында Қытай елінен бірақ шыққан еді..Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “Ғылым іздеңдер, ол үшін Қытайға бару керек болса да” деген екен бізге жеткен бір хадисінде..Міне осы хадиске сай Ертай бауырымыз Қытай асып, білім алып жатыр..Сол Қытайдың төрінде жүріп өз блогын қолға алып, шығармашылық айдарын бастаған екен..Қабыл алыңыздар:

ertai.dosym.kz

ПыСы: Исламда ғылымның орны бөлек қой..Ең бастысы ол ғылымның ахиретте саған пайдасы болса ғана..Әйтпесе пайдасыз білім, ғылым көп ақ қазіргі заманда..Бұрынғы адасушылық надандықтан болса, қазіргі адасушылықтар ғылымның көптігінен екен дейді..Аллахым пайдасыз білімнен сақтасын бәрімізді..:)