Бүгін Қадір түні.. 1

Кептелісте көлікпен кептеліп келемін, алдым, артым, жаным толған көлік..Қасымдағы бір көліктің сол жақ тұсы соққы жеген екен..Көп уақыт өткенге ұқсайды, майысқан темір тот басып үлгеріпті..Ішімнен “саудасы бітіпті” ғой дедім..
Сосын осы сөз туралы бір сәт ойландым, шынымен де мынандай күйінде бұл көліктің саудаға шығатын халі жоқ..судасы бітсе, біткендей-ақ екен..Күнделікті өмірде көп қолданамыз “саудасы біткен адам”, “саудасы біткен үй” т.б.
**********************
Кешегі бір таныс жігітпен әңгіме оралды еске..Мешіттің қасындағы бюджеттік үйлерден бір пәтер алған екен, үш бөлмелі..Бұл бағдарламаның мақсаты, экономикалық жағдайы орташадан төмен, бюджеттік салада жұмыс істейтін жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, енді қағаз жүзінде, көгілдір экрандағы жаңалықтарда солай..
Содан “қоныс құтты болсын” дедім..Біраз таңырқағандай қарады..Сосын барып “сол пәтерге әлі ыстық су берілмепті, бір жылдан кейін бірақ береді екен..енді “боулер” қойдыртып жатырмын, квартиранттар сұрап жатыр” дегенді қосты..Қоныс құтты бослынға таңырқай қарағаны да осылайша мәлім болды..
Шынайы мұқтаждардың қолына жетпей талан таражға түскен қайран бюджетім-ай..
**********************
Бүгін мың айдың сауабы бар қасиетті Қадір түні..
Арапшада “Қадр” сөзінің үш мағынасы бар екен, екеуі осы түннің мағынасын ашып берсе, үшіншісі біраз басқа ұғымды берсе керек..Сол екі ұғымның бірі, “қадр” деген, қазақшадағы “қадір” деген мағынасын берсе, екіншісі “тағдыр” деген мағынаны береді екен..Түсуі ең ықтимал түн, Рамазан айының соңғы үшінші түн (бұл туралы бір хадисте бар ғой деймін, ол жағын дәл білмедім)..Деректер бойынша Рамазан айының соңғы оң күнінің ішіндегі тақ түндердің бірінде түседі..Яғни Қадір түні биыл қыркүйек айының он бесінен он алтысына қараған түнге бекітілген болса, ол он бірі, он үші немесе он жетісінде түсуі мүмкін..Оны енді қай түн екенін дәл білу қиын, бірақ белгілі бір ишараттары бар..Таңға жуық аспан бозғылт тартады, жан жануар үнсіздікке көшеді деген сияқты, яғни кәдімгі түндерден бір ерекшелік сезінуі керек..Оны сезу де жүрегі таза тақуа құлдың еншісінде шығар..Кім көрінген сезе берсе “қадірі” қалмайтын шығар..:)) астағфируллах..
Ал мың айдың сауабы бар дегенге келер болсақ..мың ай, жылдық есепке шаққанда сексен үш жылға тура келеді екен..Сонда осы түнде, лайықты түрде құлшылықпен өткізген құл, раббысынан сексен жылдық сауап алады екен..Ал оның өзінің сексен жыл өмір сүретіндігі әрине беймәлім..
Сондықтан бұл түнде, бар ықыласымызбен, ниетімізбен қолымыздан келген құлшылық жасауымыз керек..
**********************
Жаңа ай шалқасынан жатыр..”Өзіне жайлы, бізге жайсыз”..Бұл ай жайсыз өтуі мүмкін..:)

Жаздың жайма шуақ жайқалған күндері байқалмастан өте шығатынын, жаз басталған кезде білеміз, соған қарай, жаздың әр бір күнін қызыққа толтырамыз деп ойлаймыз..көктемнің соңғы күндері жазға бет бұрғанда, жоспарлар құрамыз..бірақ, бәрібір де қалай өте шыққанын байқамай қаламыз..
Өмір деген мына серуенде әрі бері шапқылаумен, бір күні көзіміз сарғайып, ағашынан жерге түсе бастаған жапыраққа түскен кезде, жаздың соңғы күндерінің куәгері атанамыз..Іштен “күз де келіп қалыпты ау, жаз қалай тез өтіп кетті, көзді ашып жұмғанша” дейміз..