Сенім керектірген сәттер.. 38
- Сен мені сүйесін бе - деді
- Әрине, қай қайдағыны сұрайды екенсің - деп құшақтап бетінен сүйді..Көзіне тіке қарамады..”Демек айтқаны өтірік, жауаптан тайқып кетудің амалы..”
- Ішіңде не болып жатқанын білмеймін, ертең екеуіміз бірге боламыз ба оны да білмеймін, мені сүйесің бе, оны да білмеймін..
- Қайтадан бастадың ба осы әңгімені, сені сүйемесем, сенімен неге жүрмін мен қазір, саған деген сезімімді, сен түгіл өзім де шеше алмай жүрмін..Уақыт керек біраз..Мен сүю дегеннің не екендігін білмеймін..
- Сүю деген шексіздік, сүю деген өміріңнің соңына дейін бірге ғұмыр кешетін адамыңды табу деген сөз..Сен менімен бір ғұмыр кешуге дайынсың ба?
- Білмеймін, ештеңе айталмаймын..Жауабы жоқ сұрақтармен қинай бермеші, мені ғана емес, өзіңді де қинап жүрсің, арамыздағы сезімді бұншалықты күрделілендірудің мағынасы жоқ..Онсызда проблемалар толып жатыр..
Қыз үндемеді..Сезім жоқ жерде, сенім де жоқ екенін біледі..Жігітке бірден суыды..Тек тіс жарып оған ештеме айтпады..Іштей ғана “сау бол” деді..