ЖЖ құтты болсын..!!! 2
Міне көзді ашып жұмғанша тағы да бір жаңа жыл есігімізге тақап қалыпты..Осы бір қарбалас кезде отырып, ойға батамыз тағы..Өткен жылда нелер тындырдым, келер жылға жоспар калай дегендей..
Биылғы жаңа жыл мен үшін ерекше жаңа болып тұр..Бұрындары, студент кездерімде әсіресе, жаңа жылдың алдында темекіні тастаймын деп жоспар қоюшы едім..үш төрт күн шекпей жүретінмінде, кейін әйтеуір бір сылтау тауып қайтадан бастайтынмын..Биыл ондай мәселе жоқ..Темекіге қош айтысқалы жарты жылды асыпты..Енді жаңа жылдың алдында өзіме қандай жоспар қоярымды білмей отырғаным..
Қалай дегенменде, жаңа жыл ол күнтізбенің бекіткен бір күні ғой, заң тұрғысынан жылды ауыстыру дегендей..Ал негізі жаңа жыл әр адамның өз ішіндегі бір күн, біреулер үшін көктем жаңа жыл болса, біреулер үшін туған күні, ал біреулер үшін жаздың басталуы..
Ер жеткелі бері жаңа жыл, мен үшін кәдуілгі компаниялардағы жыл қортындысы қарбаласын еске салады..оңашада бір отырып, бүкіл жылды сараптап шығып, жаңа жылда жүзеге асырылуы тиіс кейбір басты іс шаралардың пішінін айқындап аламыз..
Әр жаңа жылдың менің туылған күніммен қатарлас келетін бір әдеті бар..Ол да өз алдына бір қызық..Биыл міне отызға бір қадам қалдық..Кейбіреулер “қартайып жатсың ба?” дейді қалжың шыны аралас, мен ішімнен күлемін, “қартайып жатқан жоқпын, есейіп жатырмын” деп..Қартаймаңдар достар, есейіңдер..
Биылғы жаңа жылда баршаңызға табыс тілеймін..Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын..