Archive for » Қараша, 2008 «

Ақтөбенің кубогымен суретке түскен жігіт..

Ақтөбе Тобол матчынан кейін Променандтың алдында тұрған бір топ Ақтөбе жанкүйеріне, жаңа ғана ұтып алынған кубокты көру нәсіп болған екен..Солардың ішінде бір Шымкенттік жігіт пысықтық істеп суретке де түсіп үлгеріпті..Мылжың Профессор бұл фотоны елден бұрын өз блогында жариялап отыр..Қабыл алыңыз.

 

Қырқып қой: Кубокты ұстап отырған Ақтөбе командасының президенті..:))) 

Сауалнаманың қорытындысы..

Мылжың Профессордың блогында өткізілген сауалнамаға бүгінге дейін 33 кісі қатысқан екен..Бұл сауалнама әрине қоғамдық маңызы бар сауалнама болатын..Сондықтан уақыт пен көңіл бөліп өз ойын дауыс беру арқылы білдірген оқырмандарға шексіз алғысымды білдіргім келеді..

 

Сонымен “Қысқы етігіңіз дайын ба?” тақырыбында өткізілген сауалнамаға қатысқан 33 кісісінің ішінде 4 кісі биыл жаңа етік алған екен..Ал қалған 29 кісі былтырғы ескі етіктерімен немесе алғашқы қардың жауып аяқтарын тоңдырғанын күтіп жүр екен..Бұған себеп ғаламдық қаржы дағдарысы болса керек..:)) 

 

Мылжың Профессордың қоғамтану ғылымы аясында өткізіп тұратын бұдан кейінгі сауалнамаларымызға да қатысып, өз ойларыңызды білдіріп тұрыңыз..Рахмет..

Award.kz-ті құттықтаймын.

Нұрғиса алдына ала ескертіп шақырған соң, өзім қатыспасам да, Award.kz ұйымының Қазнеттегі сайттардың ішіндегі ең үздіктерін марапаттау салтанатына баруға тура келді..Енді кешті ұйымдастыру барысында кемшіліктері болып жатты, бірақ “көш жүре түзелетіді” демекші, келесі жолы болмайды деп сенеміз..

 

Кеш басталды..Нұрекең екеуіміз “номинанттарға” арналған жерге барып қонжидық..Нұрекең шырттай болып киініп алған..Шашты тарап, костюм шалбардың қырын келтіріп киген..Кештің еш шүбәсіз жұлдызы болуға дайындалып ақ келген екен..Оның қасында отырып, оның қуанышын сол сәтте бірге бөлісу құрметіне ие болғаным, мен үшін зор қуаныш болды..

 

Нұреке, жеңістеріңіз еңбегіңіздің жемісі, сізді шын жүректен құттықтаймын..Келесі жылы бұданда биіктерде көріне беріңіз..!!! Сіз ашқан жол, басқа да қазақ сайттарына, қазақ блоггерлеріне жұғысты болсын..

 

Былай қарасам биыл Award.kz көбірек қазақшаланыпты..Сайттарының қазақша нұсқасын жасағаны өз алдына, қазақша сайттарға деген қарастары да өзгеріпті..Мен соны байқадым..Бұл жерде Асхаттың да сіңірген еңбегі аз емес, “көңілді ырықты” (волонтер) ретінде жұмыс істеп жүріп, біраз шаруа тындырған екен..Кешке қатысқан қазақ блоггерлеріне де ерекше көңіл бөліп, көңілді көтеріп тастады..БІрақ ең бастысы Award.kz Ұйымының ынтасы ғой бұл жердегі, олардың ниеті..

 

Сондықтан мен өз атымнан Award.kz Ұйымын шын жүректен құттықтаймын..Келесі жылы қатысқан қазақ сайттарының саны да сапасы да арта түседі деп сенемін..Келесі жылдың қорытындысын, келесі жылдың жарысына қазірден бастап асыға күте бастадым..Себебі келесі жылы биылғыдан да жақсы болуы керек..Прогресс бұны талап етеді..

 

ПыСы: Ана тіске батыратын бірнәрселер таратып жатқан жерге барып бидеме шидеме алып жатсам, бір қыз қасымнан “салем” деп зу ете шықтық.Чеп а чем түсінбей қалдым..:)) Сөйтсем, алдында енді көрсем салем беремін деп жүрген Салтанат (Балдырған) екен..:)) Айко жерлесімді көрдім..Айконамен таныстым..Обшым кеш жақсы болды..Кештің соңында Нұрекеңді “жууға” сындырып “Жерұйыққа” тарттық..Қыздар шай ішті..:)))

 

Енді бүгін Аршат деген жындыны күтіп алу керек..:))

Шенеунік туралы аңыз..

  Асығы алшынан түскен шенеунік, көп ұзамай отырған майлы орнынан жап жақсы ақ пайда таба бастады..Негізі жұмысы ел ойлағандай оңай емес..Сол үшін табатын табысы да оңай түспейді..Мың бір айла, мың бір жолын табу керек бірінші..Мәртебесі де өсіп, анда-санда газет журналдарға да азды көпті әңгіме соғып жарқын жүзін жариялап үлгерген..Қалтасы қалындай түскен сайын, жақсы киініп, жақсы жүре бастаған..Айналадағы кісілер қызыға қарайтын болғалы, оларға біраз жоғарыдан  қараушылықты шығарған..Бұны қашан және қалай бастағанын білмесе де, төбеден қараушылық өзіне де ұнай бастады..Қаладағы бүгінге дейін тұрып келген төрт бөлмелі пәтері тарлық жасап, өзіне жұрт қатарлы коттедж салып алу туралы ойға қайта-қайта оралып жүретінді шығарды..Оралғанда да, сол баяғы қаражат жағын есеп қисапқа салып жүргені ғой..Анадан-мынадан сұрап, қалай салады, қаншаға салады, салынатын коттедж қайсы жерде орналасуы керек деген сынды сұрақтарға жауап жинаумен әлек болған.. more »