Міне тағы бір жаз көзді ашып жұмғанша өтті де кетті..Мен тағы үйленбедім..
Енді сарғайған күз басталады..Ішіңді тәтті бір мұңға толтыратын сұрғылт күз..
Күздің алғашқы күнімен Рамазан айы да басталады..Ертен бір қой сойып, қаладағы достарымды шақырып қонақасы бермекшімін..Бәлкім бешпармақ, бәлкім қуырдақ..Қымыз тапсам, бір он литр қымыз қасына..
Dean Evenson- Ocean Dreamsты тыңдап отырмын..не деген тамаша әуендер..Толқынның дауысы, шағалалардың қиқуы..Мені сонау теңіз жағасындағы кешқұрым сәтке жетелеп барады..
Адамның өз басында береке болмаса, оның отбасында да, жалпы өмірінде береке болмайды екен..Былай қарасаң қарапайым ғана бір қағида..Бірақ оны түйсіне білсеші..
“Жетпейді, жетпейді” деп жылап жүреді..Табатын табысымыз ақша емес, қалай ұқпаймыз..Негізгі табатынымыз берекет..Қанағат қыла білсек, жетеді бәріне..Өзіңде былай сәл пәл көрпеңе қарай көсіл..
Адамның өмірінің маңызы өзін өзі үнемі жетілдіріп отыруда жатса керек деген екен бір ақылгөй..Тоқтасаң біттің..Өлдің..
“Қолында бір май шам ұстаған баладан “от қайдан келді” деп сұрадым, бала оны үрлеп өшірді де “оның қайда кеткенін айтсаң, мен де саған қайдан келгенін айтамын” деп жауап берді” (Кешегі оқыған кітаптан есте қалған тұсы)
“Періштелер, адамның ішіндегі және мүшелеріндегі жасырын күш” (Бұл да кешегі кітаптан алынған)
Балхашқа барғанымызға екі аптадан кейін жоспар бойынша Алакөлге барып келдік..Алты жүз елу шақырым жолды жүріп өттік..Жұма күгі кешкі бестерде шығып Талдықорған қаласына жеттік..Пәтер жалдап бір ұйықтап алып, ертесі таңғы сағат жетілер шамасында Алакөлге бет алдық..Сарқанд ауданынан бастап жол нашарлай бастайды..Үшаралдан ары қарай тағы жетпіс шақырым..Асфальт жол біресе бар, біресе жоқ..Аудан әкімінің жариялаған тендерін алған компаниялар жолды жасаймыз деп ақша алып, бастайды екен, сосын сол күйі бітірмей ұшты күйлі жоқ болып кететін болса керек, жергілікті халықтың сөзіне құлақ ассақ..
Алакөлге келген бойда, жағалауындағы демалыс орындарын араладық, тура өзенге жақын жерден біреусіне орналастық. Төрт кісіге тәулігіне қону және үш мезгіл тамағымен бірге он екі мың теңге төледік..Жағалауда катерлер жүр екен, кісі басына мың теңгеден алып, көлді бір шарлатып қайтады..Алакөлдің суы тамаша, тұзды су..жылы әрі таза..ішінен шыққың келмейді..Кешкісін масалары көп болады екен..Оған да дайындалып барғанбыз, кешкісін үстімізге крем жағып алдық, бізге тиіскен жоқ..:))
Катер демекші, оны жүргізіп жүрген жігіттерден су шаңғысы бар ма деп жай ашейін сұрай салып едім..Бар екен, қасымдағылар катерге отырды, мен шаңғыны аяғыма киім алып дайындалдым..Анталия жағалауларында жүргенде күніне міз бақпастан бес алты рет тебетін шаңғыны аяққа кимегелі төрт жыл өтіпті..Екі жүз метрдей жүрген соң шаршап, жіпті жібере салдым..Судың үстінде жатып біраз демалып алдым..сосын жағаға қарай бастық..:))
Сол Алакөлден шаңғы теуіп жүрген бір суретіммен бөліскелі отырмын..:)) Сарқыт…

Мдя..Балдырғанның блогынан оқыдым бұл туралы..Енді былай ойланып отырмын..не туралы жазсам деп..:))
Мен туралы сіз не білмеуіңіз мүмкін? Мен шыны керек өзім білмеймін өзім туралы..қызық ия..ия қызық..:))
Так көрейік енді..
1. Менің жүргізуші куәлігім бар, оның менде бар болғанына он жыл болып кетті..Мерзімі бітіп кетті, соны ауыстыру керек болып жүр..Ал бұның несі қызық десеңіз, қызығы сол, мен оны осы он жылдың ішінде бірде бір рет МАИ қызметкерлеріне көрсеткен емеспін..:)))
2. Мен жеті жыл Туркияда өмір сүрдім, оқыдым..мен онда кеткенде он жеті жасымда болатынмын және қолымда кішкентай бір сөмке, қалтамда 150 АҚШ доллары болды..:))
3. Мен мектепте белсенді оқушы болатынмын, қоғамдық істерге араласып, мереке күндерінде ән айтатынмын..1989 жылы тіпті мектептің фальклорлық ансамбілімен “Әнші балапан” байқауында ән шырқағанмын..ол кезде төртінші класта оқитынмын..Бірақ, екі рет мектептен қуылғанмын..:))
4. Мен Туркияда жүргенде, су спорты түрлерінен инструктор болып қызмет атқарғанмын..Бір қызығы мен бірінші жылы теңіз жағасында жұмыс істеп жүргенде жүзуді білмейтінмін..:)) Әлі күнге дейін жөндеп жүзе алмаймын..:))
5. Мектепте үлкен сыныптың қыздары мені “өміріне риза жан” деп атайтын..Неге екенін білмедім..:))) бірақ, былай шырамытамын..:)))
..біз қайтуға дайындалып жатқанда, сағат үш болатын..Балхаш аяқ астынан ашуланып, асып тасып жатқан..Оның алдында ғана біз оның құшағында жүрген болатынбыз..Жел ұзақтан толқынды айдап келе бастаған сәт әлі есімде..Жағадағы кәрісі бар жасы бар, барлығы судың ортасында, жүздерін сонау алыстардан келе жатқан толқындарға бұрып алған..Бәріміз бір қатарда тұрмыз..бір бірімізді танымаймыз, бірақ сол бір сәтте ескі бір таныстардай күлімдейміз бір бірімізге..Бәрімізді біріктірген балалық қуаныш..ия, ия..сол бір сәт бәріміз балаға айналғандаймыз..бәріміздің ішімізде қуаныш, толқынмен бірге секіріп жүрміз..Кенеттен келетін үлкен толқын кейде бізді суымен көміп кетеді..одан шыға салып бір бірімізге қарап, көздеріміздегі шаттықты көреміз, сосын қайтадан толқындарға бұрыламыз..біз бәріміз баламыз..толқынмен ойнаған баламыз…
Мен де баламын..баламын, тек толқын үшін ғана емес..баламын себебі, ішімде бір алып қуаныш толқынмен бірге толқып жатты..Балхаштың дәл қазіргі күйі, менің ішімде болып жатқан күйге дәлме дәл келіп тұрғандай..Көңілімдегі толқын, жүректі соғып жатыр..Қарт Балхаштан бір айырмашылығым болады..Балхаш кешкісін тынышталады..ертесіне тып тыныш, түк болмағандай мүлгіп жатады..Ал мен болсам, сол толқынды қалаға өзіммен бірге ала кетемін..Ол толқын, қанша уақыт соғып жатады оны да білмеймін..Бұл сезім бір ғана мені мазалайды, көңіліме кірбің келтіріп отырғаны да сол..Кейбір алдамшы сезімдер болады, бір шама уақыт жүрегіңді қытықтар қояр..Бұл жолғысы ондай емес..Қу жүрек-ай, қыларыңды тағы да қылдың ба..Өзіммен өзім мұңға батып келемін жол бойы..Балхашты қимағанымда сол екен ғой..Мен сол жерде ғана, өз өзімді жұбата алады екенмін, мені жұбататын, онымен бірге болуым, мені жұбататыны ол Балхаштың суы..
Түнде жағада отырып өлең оқыдық..көгімізді сан жұлдыз..жағада судың дауысы..біз құмның үстінде отырмыз..Кезек кезек өлең оқыдық сол түннің қойнында..Сосын, жүгіріп барып суға сүңгідік..тас қараңғыда жып жылы су..
Қырқып қой: Келесі жазуымда “Қамар Сұлу”, “Алпамыс”, “Абылай Хан” опералары және көптеген әндердің авторы композитор Еркеғали Рахмадиевпен кездесуіміз туралы жазамын..:))