Archive for the Category »Киномания «

Ғаламдағы жерұйық…

Қара басымыздың қамын ойлағаннан ары асып ешқайда кете қоймадық..”Өз басым аман болсын” дейміз, “отбасымыз аман болсын”, “үйіміз сау болсын”..ал одан кейінгісін көре жатармыз..Осы қара басты ойлаушылық, бүгін өмір сүріп жүрген мекеніміздің күл талқан болуына сүйреп келеді қоғамымызды..Досыммен бірге көлігінде келе жатырмыз, жаңа алған темекісінің қағаздарын ашып болған соң, терезені ашып сыртқа лақтыра салады..Сыртта жата беруге болады, бірақ көліктің ішін қоқырсыққа толтыруға болмайды, себебі көлік менікі, ал көше ол ортақ, оны кірлертуге, ластауға болады..Бағдаршамға келіп тоқтағанда айналадағы көліктерге бір көз жүгірткеніміз жеткілікті, көліктердің терезесі ашылады, ішінен неше түрлі қоқырсықтар далаға тасталып жатады..

Табиғатқа шығамыз..Таза жер іздейміз..Қабақ кейіп, өз арттарынан неге тазаламайды деп ренжиміз..таза жер тапқан соң, сол жерді басқалар сиықты кірлетіп кете береміз..Ал ешбіріміз, сол алдымызда біреулер ластап кеткен жерді тазалап, сол жерге жайғасуға жанаспаймыз..”Оны кірлеткен біз емес қой, кім кірлетті сол тазаласын”..

Айта берсең бұндай мысалдар көп ақ..Алматының өзін алайық, құлатылған мектептер, құрылысқа кеткен парктер, кесілген ағаштар..Қалай болса солай құрылыс нашандарымен толтырылған қала, бүгінгі күннің адамдарының тірлігі, ертеңгі балаларына қалдырар қыруар ақшаның тірлігі..Ал бұл қаланың талазылығы, бұл қаланың ертеңі не болмақ? Ойлайтын кез келді емес пе?

Бұл бір қаланың жағдайы, ал біз өмір сүріп жатқан планетаның жағдайы қалай? Телевизордағы деректі фильмдердегі ғаламдық жылу үрдісі, оның себеп салдары, ешқайсымызды ойландырар емес..Ол ертең болмайды ғой, оған дейін әлі отыз жыл бар, қырық жыл бар..Ештеңе етпейді..Ия, біз кетеміз, ал ертеңгі ұрпақ сонда не болмақ?

Шығар жол қайда? Әлде “Жер тоқтаған күн” киносындағыдай, құрдымға бет бұрған планетаны құтқарудың жалғыз амалы, адамзатты құрту ма екен? “Адамзатты құтқарсаң планета  өледі, адамзат жойылса планета аман қалады?” Әлде біз шынымен біз, яғни адамдар өзгере аламыз ба?

Қош бол Гүлсары..

Басқасын қайдам, бізге ұнады..Біз дегенім, менімен бірге барған жігіттер..Тағы бір қазақ киносы келіпті деп арнайы барған соң, іште күдік болмады емес, бірақ киноның сюжеті өрби түсе бастағаннан-ақ тақымды қыса түстік..Тақымды  қыспағанда қайтесін, киноның басты кейіпкері сұлу кербез тұлпар болса..Ардақ Әмірқұловтың Шыңғыс Айтматовтың туындысын шеберлікпен кино етіп берген екен..Шыны керек Айтматовтың бұл туындысын оқымаған мен үшін өте қызық бір кино болды..Енді повестті оқысам ба деп отырмын..Кино мен кітаптың арасындағы сәйкестік туралы пікірімді кейін кітапты оқығаннан кейін жазармын..Ал былай кино тамаша түсірілген..Ауыл өмірі шынайы жеткізіле алған..Қалада жүріп ауыл өмірін ұмыта бастағандарға, ауылға барып қайтқандай әсер қалдыратын кино..

 

Киноның бас кейіпкері Танабайдың Шора досымен қоштасу сәті жүректі тебірентпей қоймады..Қыз болсам жылап сықтап алар едім..:)) Сосын Танабайдың әйелінің даналығы қазіргі келіндерге үлгі боларлықтай екен..:)) Қыздар, киноға барсаңдар сол Танабайдың әйеліне зер салып қараңдар..

Қысқасы, бұл киноны әлі көрмеген болсаңыз жіберіп алмаңыз..Бұл киноны көрген де арманда, көрмеген де арманда..

Непобедимый vs Макс Пейн

 

Кеше кешкісін жұмыстағы жігіттермен бірге киноға баралық деп шешкен болатынбыз..Жаңа кинолар келіпті дегендей..Екі кино шықты қарауға тұрарлық..Біреуі “Макс Пейн” Голливудтың туындысы, екіншісі Ресейдің киносы “Непобедимый“..Кейде киноға барып, қай киноға кіреріңді білмей тұратын кездерің болады..Өз басым киноға бару алдында, кино не туралы, кімдер басты ролде, сол туралы біраз ақпар жинап, өлшеп, салыстырып алатынмын..

 

Кинотеатрға барғанда әлі қай киноға кіру туралы шешім қабылдамаған болсаң, онда  таңдау сол кинолардың болатын уақытының саған ыңғайлы болғанына қатысты  болады..

 

Кешегі екі киноның да уақыты бір уақытта екен..Сол жерге барған соң шешім қабылдаймыз деп офистен шықтық..Кинотеатрға жетіп, кассаға келсек бір студент бала билет өткізе алмай тұр екен..”Қателесіп алыппын билетті мына киноға” деп тұр..Әй негізі соның өзі бір белгі еді, “бұл киноға бармаңдар” деген..:))

 

Содан не керек Ресейдің “Непобедимый” деген киносына баратын болдық..Ой, құдай сақтасын, бұндай да кино болады екен ғой..не басы жоқ, не аяғы жоқ, не мағынасы жоқ, не бір қызық эпизоды жоқ..Обшым кино “полный отстой” болып шықты..:)) Сонша ақша жұмсап..киноны түсірген жігіттер продюсерлерінен ақша алып Мальтаға барып, дем алып, дем алып жатқанда құр жүрмей кино түсіре салған сияқты..Актерлердің де құрамы шамалы..Ешқайсысы дұрыс ойнай алмайды..Ана басты ролдегі жігіттің атып қыратын жерлерін, мен де істей алатын едім..Маған сондай тапанша беріп, не істеуім керек екенін көрсетсе болды..

 

Мен киноның ортасында кино бітті ау деп ойлағанмын, сөйтсем ол әлі ортасы екен..Соңының не болғанын өздеріңіз ойлай беріңіз..Сондықтан ескертемін, сіз немесе сіздің таныстарыңыз аты “Непобедимый” болғыр осы бір сапасыз киноға бармасын..Даже и не думайте..:))) 

 

Одан да ана Макс Пейнге барыңдар..Голливудтың киносы, оның үстіне басты ролдегі актор жақсы бала..:))

Подарок Сталину.

 Жексенбі күні Рүстем Әбдірашовтың “Подарок Сталину” деген киносына бардым..Кино тамаша түсірілген..Семейдің кішкентай бір бекет ауылында өткен оқиғаны негізге алған кино нағыз “адамдар туралы”..Сталиннің басқа төндірген репрессиясының құрбандарының тоғысқан тағдыры, киноға келген адамның жүрегін тебірентпей қоймайды..Бұл киноның елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерімен бірге көру керек..Тарихымыздың ұмыт қалып бара жатқан сары беттерін қайта ақтарып қарағандай боласың..Кинодағы Қасым шал образы  қазақ халқының болмысын сомдағандай ма, қалай өзі?!..

 

Сондықтан бұл киноны әлі көрмеген болсаңыз жіберіп алмауға тырысыңыз..Көріңіз..Өз басым кинодан шыққаннан кейін ұзақ уақыт әсерінен шыға алмадым..Ұйқыға кетер алдында “ертең блогыма осы туралы жазуым керек” деген ой келді..Бірақ қырсыққанда Қазақтелеком жұмыс орнымызды интернетсіз қалдырып блогымызға қолымыз енді жетіп жатыр..

 

Қазақ киносы оянып келеді, ысылып келеді..”Рекетир” киносы біреуге ұнады, біреуге ұнамады, бірақ ол туындыны  жаңа қазақ кино ағынының бастаушысы деп білем. Сондықтан қазақ киносы жарыққа шыға қалғандай жағдайда, құлағымыз түрік, құлағымызды түріп жүруіміз керек деп ойлаймын..

 

Ал Сталинге жасалған сыйлықтың, бір халықтың лағнете барып ұштасатын сыйлық болғанына тарихымыз куә..Оны әсте ұмыта алмаспыз..

 

Кинодағы акторлерде жақсы таңдалған..Жағымсыз милиционер кейіпкерін сомдаған Бахтияр Қожа, Қасым ролінде шеберлігін көрсеткен Нұржұман Ыхтымбаев, Ресейдің өнер жұлдыздары Екатерина Редникова (Машковпен бірге түскен “Вор” киносын естеріңізде ме?), Александр Баширов (В. Цой ойнаған “Игла” киносындағы Спартак естеріңізде болар?) және басқалары..

 

Киноның сеанстарын мына жерден біле аласыз. 

 

Кейбір киномандардың пікірлері: 

17.10.2008
Фильм действительно очень сильный. И я тоже плакала при просмотре этого фильма, а особенно во время сцены взрыва. И так символично покачнулся портрет “отца и товарища всех народов” во время взрыва.
Ольга    

17.10.2008
Фильм просто супер!!!!!!Снят-Супер!!!…Просмотрела на одном дыхании…нуу просто слов нет,одни эмоции и пожелания его посмотреть……После просмотра весь зал аплодировал
21    

20.10.2008
Ежегодно я составляю свой рейтинг лучших фильмов года. Данный фильм по праву – лучший в этом году. Ничего подобного в этом году еще не было показано. Обязательно сходите и посмотрите. А кому нравится “Утомленные Солнцем” Михалкова – вдвойне советую сходить…
Сергей

 

 

Пікірлер мына жерден алынды.