Warning: is_writable() [function.is-writable]: open_basedir restriction in effect. File(/etc/httpd/logs/error_log) is not within the allowed path(s): (/var/www/v-5076/data:.) in /var/www/v-5076/data/www/dosym.kz/bekjan/wp-includes/wp-db.php on line 199
Анау-мынау - Мылжың Профессор

Бөлім Анау-мынау


Алтын ұрпақ 0

“Елу жылда ел жаңа” деген сөз бар бабалардан қалған..Келер ұрпақтың қалыптасқан дүниетанымына қарай, елдің болашағы қалыптасады..Осыны кезінде Мұхтар Әуезов те дәл басып айтқан “ел болам десең, бесігіңді түзе” (”..бесігіңді түзеймін десең әйел затын түзе” деген жалғасы барын көпшілігіміз білмейміз осы сөздердің, бесікті тербететін ананың роліне бір ой жүгіртейік) деп..Сондықтан кез келген ел үшін, келер ұрпақтың тәлім тәрбиесі, білімі зор мәнге ие..Ал әр баланың тұлға болып қалыптасуында, ең бірінші орында жанұя тұрады, одан кейін барып үйдің тысындағы қоршаған ортасы (мектеп өмірі, университет қабырғасындағы орта, т.б.).

Алматы қаласындағы КИМЭП, КБТУ сияқты “беделді” оқу орындарындағы жастар, ел ауызында “алтын ұрпақ” (золотой молодежь) деп аталады..Бұл жердегі “алтын” сөзі, олардың әке шешелерінің материалдық жағдайына қарай айтылған..Әрине әке шешелерінің материалдық жағдайына ешкім дау айтпас, бірақ мәселе елдің болашағы және сол болашақтағы адамдар болғанда, “алтын” сөзі басқа мағынаны беруі керек..

Бекболат Тілеуханов дұрыс бір мәселені көтерген екен оған “қазақты не құтқарады?” деген сауал қойғанда..Шын мәнісінде қазақты иман ғана құтқарады..

Кеңес дәуірі қарсаңында алаштың зиялы қауымы, қазаққа төнген қауіпті дөп басып, бұл қауіптен елді құтқаруға бар күш жігерін салған болатын..Ахметтер, Мағжандар осы жолда өздерін құрбан еткен..Сол заманның зиялы қауымының ерекшелігі, барлығының бастапқы ілімді ауылдағы молдадан және дін туралы алуларында жатыр..Кішкентайларынан жүректеріндегі иманмен өскен, тұлға болып қалыптасқан арыстарымыз, елдің ертеңі мен тағдыры жолында өздерін құрбан етіп кете берген..Олардың күресін, имансыздыққа қарсы күрес деп қарауымызға, бүгінгі таңда әбден болады..Себебі қолында құраны, жүрегінде иманы жоқ ел - құрдымға кетер ел екендігін жақсы түсінген. Қазақтың бар салт дәстүрі, мәдениеті, жалпы бар тұрмыс болмысы исламмен біте қайнасқаны белгілі, ал сол болмыстан, ең маңыздысын, фундаментін алып тастайтын болсаң, онда бәрі қирайды..Қирайтыны анық, бірақ қашан екенін тек уақыт қана біледі..Ал сол аласапыран замандардан бері қанша уақыт өтті? Жүз жылға жақын бір мерзім..Яғни екі ел жаңарды, екі ұрпақ өтті..Құрымадық, бірақ құлдыруымызда тоқтамады әлі..

Сондықтан да қазір, ел ертеңін ойлаған әр азамат, өзі үйіндегі бала тәрбиесіне аса мән беруі керек..Балаларына иманды берулері керек, иманмен тәрбиелеулері керек..Ал ол үшін ең бірінші өздерін қайтадан тәрбиеге салулары керек..Біз, қазіргі ұрпақ ары кетсе бір елу жыл бармыз..Бізден кейін жаңа ұрпақ келеді..Иман-Аталарымыздың аманаты. Оған қиянат жасамай, келер ұрпаққа табыстау бізге міндет…

Міне сонда ғана, сол иманмен өскен ұрпақты ғана “Алтын ұрпақ” деуімізге болады..

Театр, театр, театр.. 1

Бауыржан Шоудың соңғы сахнасында шырқалатын әннің сөздері осындай еді..Театр негізі экранмен, киномен тығыз байланыста..Көршіміз Ресейде, театр акторлерінің де киноға түсіп жүретінін білеміз..Біздің театрымыздың акторлары да бұл трендтен кенде емес..Мысалға Жанна Исабаеваның туындысы “Қаройдағы” Азат ролін сомдаған Ержан Тусупов..Оны бірнеше рет Мұхтар Әуезов Драм Театрының сахнасында көргенмін..Театр акторларын киноға тарту керек, ол олардың тәжірбиесін арттырып, шеберлігін ұштай түседі..Бұдан ұтып шағатын көрермен болады..Себебі, театр, актормен көрерменді оңаша қалдыратын, әрі бір біріне жақындатады..Ол жерде камераның призмасы жоқ..Актордағы шынайылықты, оның жан дүниесінің, сомдаған ролін нақты ашуын, өз көзіңмен көріп, жаныңмен сезесің..Кино ондай емес..Екеуі екі бөлек өнер..Сондықтан жан жақты әбден ысылған актор, көрермен үшін табылмас олжа..

Толық мәтін »

Жазданайық, жайқалайық, жайнайық..:)) 10

Жаздың соңғы айы болатын..Оның да соңына жетіп қалғанбыз..Қыс бойы асыға күткен мезгілдің зу етіп өте шыққанына іштей налып отырғанбыз..Алматының төңірегінде баратын жерлер көп еді..Тек соған уақыт таба алмай өттік..Жұмыс, тіршілік, кейде қаражаттың болмауы, бір түрлі қолымызды босатпады..

Осылай қаймығып жүргенде, қолды бір сілтедік те, досым екеуіміз темір тұлпарға мініп Балхаш көліне тарттық..Өмірімде бірінші рет көрдім картадағы үлкен көлді..Суына шомылып, кешқұрым жағсында от жағып отырып, көркем демалып қайттық..Бір апта өтпей жолымыз тағы бір көлге қарай түсті..Бұл жолғы нысанамыз Алакөл..Ол жерге сағат түске жақын келдік..Көкпенбек теңіз сонау алыстан-ақ баурап, асықтыра түсті..Келе салып жататын жерді іздемей, жағаға жетіп, суға сүңгідік..

Осылай, жаздың соңғы айының соңғы апталарында, бүкіл жаз бойы бара алмаған жерлерімізге барып қайттық..Келесі жазға жақсылап дайындалайық деп ұйғардық..

Уақыт жоқ, қаражат жоқ дегеннің бәрі сылтау, оның бәрі шешілетін мәселелер..Ендеше өмірдің жаздарын бос жіберіп алмайын десеңіз, қасыңызға достарыңызды жинап, жазда баратын жерлерге тартып кетіңіз..Табиғат, адамның жан дүниесінің жиегін кеңейтеді, жазды ішіңізге толтырады..Ол жаз сізге келесі жазға дейін жетеді..

Онда алға, жаз алда..Ішімізді жазға толтырайық..Баратын жерлеріңізді белгілеп, достарыңызды жинап, ұйымдастыра беріңіздер..Әйтпесе жаз көзді ашып жұмғанша өтеді де шығады..Айтпады демеңіз сосын..:))))

Жаңа кітаптың тұсаукесері.. 5

Толық мәтін »

Кейінгі »