Мына блог мәселесі қатты ойландырып жүрген еді..Аршат күні кеше сөйлескенімізде “блогтың модасы қалды ғой” дегенде, “жоқ, қателесесің” деп едім..бұрынырақта мен де солай ойлағанмын..

“Ой, қойшы, ешкімге керегі жоқ блогты жалғастырудың не мағынасы бар, оқушысы жоқ блогтан не пайда” деп мүлдем жауып тастауды ойлап жүргенмін..

Бір күні ұзақ уақыттан бері кірмей жүріп, басқару бөлмесіне өтсем, “Каусар” деген бір оқырманның пікірлері тізіліп тұр екен..Жазуларымның біразын оқып, әр жазуға пікір жазуды да ұмытпаған екен..

Мені қайтадан қанаттандырып жіберді..Шыны керек, блог кішкентай ғана бір әлем..бірақ, басқалармен сыр бөлісуге таптырмайтын мүмкіндік..

Бұрындары жаппай келгеніме себеп Тоты болатын..Әйтеуір жаңа бір жазу жазылса, келіп оқып, пікір жазып кететін..

Қазір отырып ойланып қалдым..Мәселе оқырманның көптігінде емес екен..

Бір оқырманым ғана болса да, жазуға міндетті сезіндім..

Осы блогты аман алып қалғандарың үшін сендерге ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!

Жақында жаңа бір шаблон салып, блогты қайта қолға алғалы отырмын..Иа, бұдан бұрын да осыған ұқсас сөз бергенмін..Бұл жолғы сөзім сөз..:)))